Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ислам Кәрімовтің қызы жаңа мешітке әкесінің атын қойды

Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева өзінің жолдасымен бірге Ташкентте былтыр көктемде өртенген мешітті қайта тұрғызды. Лола бұл мешітті өз әкесінің құрметіне «Ислам ата» деп атаймын деп шешіпті. Бұл туралы ол 13 қыркүйек күні әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды BNews.kz.

20160902_11_26_57_61723

«Дүниежүзінің мұсылман қауымы қасиетті Құрбан айт мерекесін тойлап жатқанда жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Ташкентте «Ислам ата» мешіті ашылады. Бұл мешіт Ферғана Жолы көшесінде орналасқан. 2015 жылдың көктемінде мешіт толық өртеніп кеткен еді. Жолдасым Тимур Тилляев екеумізге сауапты іс жасап, мешіт ғимаратын қайта тұрғызуға мүмкіндік берген Аллаға шүкірлік етемін», – делінген Лоланың хабарламасында.

Мешітті қайта қалпына келтіру жұмыстары өткен жылдың аяғында басталып, 9 айға созылды, деп жазады bnews.kz.

«Көпшіліктің ұсынуымен мешітті Өзбекстанның алғашқы президенті – менің әкем Ислам Кәрімовтің құрметіне «Ислам ата» деп атау туралы шешім қабылданды», – деп қосты Лола.

Ескі мешітпен салыстырғанда, жаңа мешіт көлемі 1,8 есе ұлғайды – 2900 шаршы метрден 5400 шаршы метр болды. Енді мешітке 560 адам сыяды. Мешіт мұнарасы мен қабырғасында қасиетті Құран сөздері жазылған.

Мешітте кітапхана мен дәрет алу бөлмелері де бар. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жабдықтар, ауа тазалағыш жүйе мен салқындатқыш та орнатылған.

Жіберіп алмаңыз: 

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Кәрімовтің қабіріне гүл қойды

Гүлнара Кәрімова әкесіне ән арнады (видео)

Әлемдегі ең тартымды әйелдерді анықтады (фото)

Талқылау