Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлнара Кәрімова әкесіне ән арнады (видео)

Желіде Ислам Кәрімовтің үлкен қызы  Гүлнараның әкесіне арнауы пайда болды. Бейнебаян  YouTube хостингіне  «Ферғана.ру» басылымы атынан жүктелген.

Агенттіктің хабарлауынша президенттің бейнесімен жабылған клиптегі әнді  оның үлкен қызы Гүлнара орындаған. Видео 1991 жылғы 31 тамыздағы архив видеомен басталады. Тура сол күні Өзбекстан өз тәуелсіздігін жариялаған еді.

Гүлнара Кәрімова Googoosha (Гугуша) есімімен өлең жазып, ән орындайды. Ол вокалмен (меццо-сопрано)  кәсіби түрде айналысқан. Ол Хулио Иглесиас және Монтсеррат Кабалье мен бірге  Besame Mucho әнін бірге орындаған. 2012 жылы Googoosha (Гугуша) ағылшын тіліндегі тұңғыш ән жинағын АҚШ-та шығарған еді.

Бұған дейін президенттің кіші қызы Лола Кәрімова-Тилляева әкесінің қазасы жайлы Инстаграм парақшасында жазған еді. «Ол бізді тастап кетті… Не айтарымды білмеймін, бұл жағдайға өзім де сеніп отырған жоқпын…» деген Лола.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлнара Кәрімова әкесін жерлеу рәсіміне қатыса алмады

Кәрімовтің денесі Самарқанда жер қойнына тапсырылды (фото)

Президент Кәрімов өмірде және саясатта

Талқылау