Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Іштен шыққан жау: Қазақтың танымал жігіттері қытайға тұрмысқа шыққан қазақ қызын айыптады (видео)

Қытай азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызының хикаясы дүйім жұртты, оның ішінде қоғам белсенділерін алаңдатып қойды. Бұл орайда қазақтың танымал жігіттері бойжеткенді айыптап, оның әрекетін “сатқындыққа” теңеді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Іштен шыққан жау: Қазақтың танымал жігіттері қытайға тұрмысқа шыққан қазақ қызын айыптады

“Сөзім жоқ. Іштен шыққан жау жаман. Аудармашы намыссыз жеңгетайдың жағын сындырар ма еді”, – дейді Сәкен Майғазиев.

“Алла сақтасын! Өзімізді өзіміз жоғалтып алмайық! Жұғысты болмай-ақ қойсын!” – деп қоштады оның сөзін Серік Ибрагимов.

“Қайран қазағым, ұрпағыңның осындай боларын білдің бе? Әй білмедің-ау, білсең осыншама жерді ұрпағың үшін қаныңды төкпес едің”, – деп ашынды Мұқасан Шахзадаев.

Ал белгілі ақын Балғынбек Имашев бұл тақырып аясында ұзын-сонар пост жазды.

“Қытай. Қара қытай. Ұйқыдағы сорлы қазақ! Сорың бес елі! Намысыңа наркоз беріп ұйықтатқан, ұятыңды ұрлаған, тектілігіңді тонаған, арыңды сылып, руxыңды іреп тастаған! 27 жыл бұрын Елбасымыз тәуелсіз Қазақстан есігін айқара ашып: “Атамекенге оралыңдар, қарагөз қандастар! Көк тудың астына жинал, Исі Қазақ баласы!” – деп жар салды!

Келмеді емес, келді! Қиындық көрмеді емес, көрді! Бірі маңғол, бірі қытай, бірі иран, бірі ауған, бірі түрік атанбады емес, атанды. Бірақ, олардың атамекенде дүниеге келген ендігі ұрпағын ешкім олай атамайды!
Көбісі келмеді… Бүгінгідей қиын-қыстау күн келерін білмеді ме? Білді! Өйткені, 20 жыл бұрын, Қытайда бұрынғы қазақ балабақшалары мен мектептері жабыла бастаған, тіл мен малдың өрісі тарыла бастаған, ішкеріден қара қытай Шыңжаңға ағыла бастаған. Бұлардың бәрі аят-белгілер еді.

Қаусаған кәрілік те адамға бірден келмей әуелі тізедегі күшін алып, аузындағы тісін алып, сақал-шашын ағартып барып келетіні секілді бұл сұрқия саясат әу бастан-ақ қылаң берген.

Бірақ, біреу малын қимай, біреу қызметін қимай, біреу пенсиясын қимай екіарада жүре тұрғысы келді.
Жалпы, бөтен елден өз еліңе, кәпір елден мұсылман елге мал-дүние үшін көшпей қалу – адамға үлкен сор мен ауыр сынақтар әкеледі. “Жарқын жетіден” басқа ондағы қандастардың қамын жеп, жаны ауырған адам көрмедік. Аттандады, ойбайлады, өкірді, өксіді, арғы беттегі қазаққа айқайлап ақырды, бергі беттегі қазаққа байбайлап бақырды. Тырп етпедік – миымыз “рас-ей” деп қабылдады, жүрегіміз селт етпеді, көзіміз қан жыламады.

Бұл жақтағымыз орыстың арағын ішіп, ол жақтағымыз қытайдың арағын ішіп әбден азған екенбіз. Тілімізде Тәңір болғанымен, жүрегімізде Алла жоқ екен.

Құдайға құл болмаған соң… Қытайға құл болуға аз қалып, өзіміз қор болып, көзіміз сор болып отырмыз. Осыны жазу маған оңай емес! Қазағымды сүйем, қылығына күйем…

Кей мінезін жек көрем, кей мінезіне ызам келеді. Бірақ, жылап тұрып Аллаға жалбарынам! Кешір, Алла! Құтқар, Алла! Біз өзімізге-өзіміз зұлымдық қылдық! Сен Пәксің! Құтқармасаң – жұтылдық, кешірмесең – ұтылдық!” – деп жазды ол.

Сөзім жоқ. Іштен шыққан жау жаман. Аудармашы намыссыз жеңгетайдың жағын сындырар ма еді. 😤😢 #сатқындық #намыссыздық @erlantulegenov_ : Оқ тимей тұрғандаймын жайрағалы, Жанардан ащы жасым тайғанады. Өз ұлтын сүйген ұлың əрқашанда, Ел үшін ұйқы беріп, қайғы алады. ҚАЗАҚтың қызы жатқа тиіп жатыр, “Қой” дейтін адам оған қайда, кəні? ҚАЗАҚтан бір азамат таппады ма? Өз бетін көрмеді ме айнадағы. ҚАЗАҚ болып Қытайға тию деген, Деп білем елге қастық ойлағаны. Өйткені қысық көзден тапқан бала, Бір күні дұшпаныңа айналады.

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Айта кетейік, желі қолданушыларының қарсылығынан соң қазақ қызы мен қытай жігітінің тойы өтпей қалғаны белгілі болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау