Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушыларының қарсылығынан соң қазақ қызы мен қытайлық азаматтың тойы өтпей қалды

ҚР бұрынғы ауылшаруашылық министрі Мұрат Төлебаев 24 маусым күнге белгіленген қазақ қызы мен қытайлық азаматтық тиісті жерде тойы өтпей қалғанын айтты.

«Бүгін жас жұбайлардың белгіленген жерде тойы өтпей қалды. Оған күйеубаланың ұлты себеп болды. Бірнеше күн бұрын қазақ қызы мен қытайлық азаматтың тойының шақыру билеті желіге тарап кеткен еді», – дейді Төлебаев желідегі парақшасында. 

Оның айтуынша, соңғы кездері синофобия күннен күнге артып келеді. Синофобия – қытайларды жақсы көрмеу көзқарасы. Көптеген қазақстандықтар “қытайлықтардың қандай да бір жолмен елімізге келуді қалайды. Қазақ қыздарына үйленіп, өз жоспарын іске асырады” деп топшылайды.

Осы мақсатта желі қолданушылары шақырауда жазылған мекен-жайға барып, шу көтермек болған. Одан сақтану үшін мейрамхана иесі қытайлық той иелеріне ақшасын қайтарып, тойды өткізуден бас тартқан.

Алайда мұндай кедергілерге қарамастан екі жас бәрібір үйленді. Той қытайлық күйеу баланың әкесі жұмыс істейтін компанияның жертөлесінде өтті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау