Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішімдікке құмар әке-шешесін құтқара алмаған келіншек жұрттан көмек сұрады

Әке-шешесіне ішімдік ішуді қойдыра алмаған қазақстандық келіншек жұрттан ақыл-кеңес сұрады.

41c6e54cb614bd47b6-70682391

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

Келіншек бірнеше жылдан бері әке-шешесін түрлі дәрігер, емшіге қаратып, ішімдік ішкенін қойдыра алмай жүр екен. Жуырда ол ата-анасын елордадағы ауруханаға алып келген-ді. Бірақ, ата-анасы емделіп кетеді дегенге үміттен гөрі күдік басым. Осы орайда, ол жұрттан ақыл-кеңес сұрады. Дәл осындай жағдайға тап болғандардың көмегі тиіп қалар деген ниетте екен.

«Айтуға аузым бармаса да, көмек сұрамасқа амалым қалмады. Ата-анама қатысты қиын мәселеге тап болдым. Екеуі де соңғы кезде ішімдікке салынып кетті. Менен тығып ішіп жүр. Ішкен соң, үйде береке болсын ба? Ұрыс, айқай, жанжал. Жастары елуден асып барады. Бұрын тек той-томалақта ішетін. Қазір қосылып алып еш себепсіз ішуді әдетке айналдырған. Бұл туралы жылап та, ұрысып та айтып көрдім, бірақ, еш нәтиже бермеді. Барып емделген емшінің еш көмегі тимеді. Ауылда ауруханаға жатпаймыз деп шу шығарған соң, Астанаға алып келдік. Енді оларға қалай көмектесуге болатынын білмеймін. Ауруханаға жатқызып емдеткеннен кейін қояды деп ойлайсыздар ма? Басым қатып отыр. Өзімнің аяғым ауыр еді, осы жағдайдан кейін ауырып қалдым. Ешкімнің басына бермесін. Ақыл-кеңестеріңіз өте қажет болып тұр», – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Күйеуі өлімші етіп сабаған келіншек екінші рет отбасын құруға қорқып қалғанын айтып жылады

30 жастағы келіншек өзін асқан қатыгездікпен сабаған ата-анасы туралы айтып жылады

Келіншек азаматтық некедегі күйеуіне туған баласын мойындата алмай жүргенін айтып жылады

Келіншек күн көрсетпей, іштегі баласымен төркініне әкеліп тастаған өзбек енесін жамандады

Талқылау