Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Іші ауырғанын айтып шағымданған әйелдің бүйрегінен 3 мың тас шықты
Қытайлық дәрігерлер жергілікті тұрғынның бүйрегінен 3 мыңға жуық тасты алып тастады. Оның бүйрегіндегі тастар инфекция салдарынан пайда болған. Ал мұндай инфекцияның тарауына қант диабеті себеп болыпты.

Бұл туралы Global Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Чанчжоу округінде 56 жастағы әйел ішінің ауыратынын айтып, дәрігерлерге жүгінген.
Басылымда хабарланғандай, әйелдің бүйрегіндегі тастарды алып шығу үшін дәрігерлерге бір сағат қажет болған. Олар санап көргенде, әйелдің бүйрегінен 2980 тас шыққаны белгілі болған.
«Біз мұндайды көргенде қатты таңғалдық. Бүйрегінің семіп қалуы мүмкін еді. Бұл жағдайда тек тастарды алып тастау арқылы ғана емдеуге болады», – дейді клиниканың урология бөлімінің меңгерушісі Мо Найсин.
Айта кетсек, таяуда Ақтау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 12 жасар жасөспірімнің асқазанынан салмағы 3 келі 560 грамм болатын 35 сантиметрлік ұйысып қалған шаш алып шықты.
"Том Хардиге ұқсаймын": Желіде жарияланған бір ғана жазба қазақстандық қарапайым сатушының өмірін қалай өзгертті
6 миллион қаралымнан кейін Телжанға көптеген компаниялардан ұсыныстар түскен
Алматыда шетелден келетін туристер саны азайып кеткен: Әкімдік мұны 4-5 жұлдызды қонақүйлердің аздығымен байланыстырып отыр
Алматының барлық сегіз ауданында туристерді қызықтыратын нысандар болуы керек дейді сарапшылар