Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Исабекова жігіті тастаған қыздарға шаш түсін өзгертуге кеңес берді

Әнші Мақпал Исабекова Ән-gimme бағдарламасында жағымсыз пікірлерге деген көзқарасын білдіріп, жігіті тастап кеткен қыздарға күйзелістен арылу үшін шаш үлгісін өзгертуге кеңес берді.

image

Фото: instagram.com/makosyai/

Мақпал Исабекова өзінің сырт келбетіне жиі өзгеріс енгізеді. Әсіресе шаш үлгісіне. Осы әрекеті үшін желі қолданушылары тарапынан біраз сыналған-ды. Мұның сыры да жоқ емес сияқты. Өйткені әнші жігіті тастап кеткен қыздарға күйзелістен арылу үшін шаш үлгісі мен оның түсін өзгерту арқылы күйзелістен арылуға болатындығын айтқан. Десе де бұл кеңесінің тікелей өзіне қаншалықты қатысы бар екені белгісіз.

“Басы бос бойжеткен ретінде сізді тастаған жігіттің өзіңізге еш керегі жоқ екенін айтамын. Әркім өз жолымен жүре берсін. Бұл бұйырған нәрсенің кетпейтіндігін, қуғанның жетпейтіндігін білдіреді. Сізге тиесілі дүние алып таудың астына бастырылып қалса да, бұйырады. Ал өзгеге тиесілі дүниені қандай жағдай болмасын иелене алмайсыз. Сондықтан ешуақытта өкінбеңіздер. Кеткісі келген адамды ешуақытта ұстамаңыздар”, – дейді әнші.

Бұдан өзге Исабекова шаш үлгісі мен оның түсін өзгерту арқылы күйзелістен арылуға болатындығын айтты. Сырт көзге жағымсыз пікірге мән бермейтіндей болып көрінсе де, олар белгілі бір дәрежеде көңіліне тиеді екен.

1173083_1522222248082868_1282754089_n

“Көңіліме тимейді деп айтсам, әрине, бұл шындық болмайды. Бірақ әр уақытта әрқалай. Өзімнің көңіл-күйіме байланысты. Егер мұңды көңіл-күйде болғанымда жағымсыз пікірлерді оқысам, әсер етері анық. Менің ұстанымым – ешнәрсеге өкінбеу. Өйткені Алла бізге не керегін өзі жақсы біледі”, – деп әнші өзіне берілгенді қанағат тұтатындығын жеткізді.

Халыққа “Superstar.kz” жобасы арқылы танылған әнші мектеп пәндерін беске оқыған екен. Тіпті, сыныптастары бас алмай сабақ оқитынына қарап, қатты таңқалған көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, әнші Мақпал Исабекованың іштегі өкінішін жасыра алмағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау