Исабекова мен Керменбаев жұрттан не жасырып жүр (видео)
Әнші Мақпал Исабекова мен әріптесі Нұржан Керменбаев екеуі тыңдармандарына тосын сый әзірледі. Олар “Айта бермеші” атты ғашықтар әнін бірігіп орындамақ.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Superstar жобасы арқылы танысып, артынша етене араласқан қос жұлдыз тыңдармандарын жаңа әнімен қуантпақ. Аталған дуэтті жазып жатқандарына көп уақыт болса да, әншілер тосын сыйларын жасыра тұруға тырысқан-ды. Тіпті отандық порталдардың бірінде өздері туралы шыққан ақпаратты өшірткізген болатын.
Енді міне қуанышты жаңалықпен әншілердің өздері бөлісіп отыр. Олар “Айта бермеші” атты әнді бірігіп орындамақ. Ал аталған туындыға бейнебаян түсіріліп-түсірілмейтіні әзірге белгісіз.
Жіберіп алмаңыз:
Мақпал Исабекова бір кездері брекетінен намыстанғанын айтты
Әнші Мақпал Исабекова өкінішін жасырмады
Нұржан Керменбаевтың кезекті бейнебаянына сіз де түсе аласыз
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"