Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда әйелдерді кемсіткен депутатты сотқа берді

Иран парламентіндегі әйел депутаттар әріптесі Надер Газипурды оның “парламентте әйелдер мен есектерге орын жоқ” деген сөзі үшін сотқа берді.

1058668173

Сурет ria.ru

Бұл туралы Азаттық сайты хабарлайды.

Газипур 26 ақпанда дауыс беру нәтижесінде парламент депутаты болып екінші мәрте сайланған. Болжам бойынша, Газипур мұндай пікірін сайлау кампаниясы кезінде айтқан. Оның әйелдерді “есекке” теңеген мәлімдемесінің видеосы интернетке жарияланып, көпшіліктің наразылығын тудырған.

Газипурдың үстінен жазылған шағым бас прокуратураға, парламенттің бақылау комитетіне және спикер Әли Ларижаниге жіберілді. Депутаттардың бірі Фатима Рахбардың мәлімдеуінше, Газипур “әйелдерге жала жапқаны” үшін жауап беруі тиіс. Ол Газипур әйелдерге тіл тигізгісі келмегенін айтып жазбаша түрде кешірім сұрағанын, бірақ әйел депутаттар шағымын қайтарып алмайтынын хабарлады. Рахбар Газипурдың сөзі “ақпарат құралдары арқылы қоғамға жетіп, Иран мен одан тысқары жерлерге таралғандықтан” ол мәлімдемесіне осындай жолмен түсіндіруі тиіс дейді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, белгісіз біреулер видеоны жариялаған журналисті соққыға жығып кеткен.

Талқылау