Интернетті дүр сілкіндерген оқушы Димаштан озуды армандайды (видео)

Бейсенбі, 13 Шілде , 2017 16:23

Тамаша дауысымен әлеуметтік желіні дүр сілкінтіп, көпшілікті таңғалдырған ақтөбелік 12 жастағы Мұхамбетәли Қалауов болашақта Димаштан да озуды армандайды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

20170713145540

Витастың «Опера 2» әнін орындаған Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылында тұратын бала, Димашқа еліктейтінін айтты. 3-сыныбынан бастап музыкалық мектепте дәріс алған бала, нота біледі, күй тартады. Әлі де болса үлкен конкурстарға қатысып көрмеген балақай, интернетте жария болған кездейсоқ видеосының арқасында жылдам танымал болып кетті.

“Әкеміз де театр әртісі еді. Мұхамбетәли болса кішкентайынан өнерге құштар. Енді кәсіби әнші болуы үшін арнайы білім алғаны да жөн,” – дейді әпкесі Әйгерім Өтеумағамбетова.

Әннен басқа ол күресті жақсы көреді. Ол білімін жетілдіріп, келешекте тойда емес, сахнада ән салатын кәсіби әнші болуды армандап жүр.

Оқи отырыңыз:

Марқұм Шалқар Үркімбаевтың қызына Сәкен Майғазиев үлкен сомада көмек берді

Диана Шарапова қызы қырқынан шықпай жатып сахнаға шығып кеткен

Жұлдыздар жүктілік кезінде жинаған артық салмақтан қалай арылғандарын айтты

Анасы: Диана Шарапова 7 айлығында сөйлемді толықтай айтатын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар