Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Инстаграмда «Қазақ аруы» байқауы сұлуларының жаңа фотосуреттері жарияланды (фото)

«Қазақ аруы» сұлулық байқауының Инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында елдің ең сұлу қазақ қызы атағына үміткер бойжеткендердің фотосуреттері пайда болды.

 

20160219013450

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Байқауға дайындық аясында бойжеткендер танымал қазақстандық фотограф Думан Қасымның фотосессиясына түсті. Байқаудың ұйымдастырушысы – қазақстандық продюсер Баян Есентаева. Есеп бойынша алтыншы болып табылатын «Қазақ аруы-2016» ұлттық байқауының кастингі Алматыда 24 және 25 қаңтар күндері, Астанада – 30 және 31 қаңтарда өткен.

Астанада өткен кастинг кезінде қазылар алқасының құрамына музыкалық продюсерлер Баян Есентаева, Бағым Мұхитденова, «Хабар» телеарнасының бағдарламалар шығару дирекциясының бас директоры Ринат Кертаев пен «Алау» тобының директоры Назым Басқынбаева кірді.

 

20160219013358

Байқаудың ақтық кезеңіне 21 үміткер бойжеткен ілікті. Байқауға ең жас қатысушының жасы 16-да, ең ересегі – 22-де. Бойжеткендерге қойылған негізгі талаптардың арасында сұлулық, бойының 170 см.-ден төмен болмауы, 16-22 жас аралығы, қазақ тілінде сөйлеу, ұзын шаш, қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін және салттарын жақсы білуі көрсетілген.

 

20160219013402

Дәстүр бойынша, финал бірнеше кезеңнен тұрады.

Өткен жылы «Қазақ Аруы-2015» атағына Қарағанды облысының тұрғыны Кәмшат Қоскелова ие болған. Ол басты жүлде – алтын тәж бен автомобильге ие болды.

20160219013407

20160219013412

20160219013418

20160219013424

20160219013430

20160219013435

20160219013440

20160219013445

 

Жіберіп алмаңыз:

miss-300x158Голосование. Қазақ аруы или Мисс Казахстан: кто красивее?

Талқылау