Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезияда болған цунамиден 168 адам көз жұмды: Адамшошырлық кадрлар (фото)

Индонезияда табиғи апаттың кесірінен 168 адам көз жұмды. Зондон бұғазы жағалауындағы елді мекендерге цунами түскен. Табиғи апаттарға қарсы күрес агенттігінің өкілі Сутопо Пурво Нугрохоның айтуынша, тағы 745 адам жарақат алған.

Индонезияда болған цунамиден 168 адам көз жұмды: Адамшошырлық кадрлар

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, 30 адам із-түссіз жоғалып кеткендердің санатында. Жүздеген үйдің күл-талқаны шыққан.
Құтқарушылардың болжамы бойынша, Анак-Кракатау жанартауы атқылағаннан кейінгі су асты кқшкіні цунамидің себебі болуы мүмкін.

Табиғи апатқа қарсы күрес агенттігінің өкілдері жариялаған кадрлардан цунамидің әкелген зардабын көруге болады. Суреттерде су басқан көшелер мен аударылған көліктерді көруге болады.

Индонезияда болған цунамиден 168 адам көз жұмды: Адамшошырлық кадрлар

Индонезия геологиялық қызметінің хабарлауынша, жанартау атқылауы жұма күні 2 минут 12 секундқа созылған. Нәтижесінде оның күлі аралдан 400 метр биіктікке көтерілген.

Құтқарушылар қазіргі уақытта цунамидің себебі Анак-Кракатау жанартауы себеп болуы мүмкін деген болжамды тексеріп жатыр.

Индонезияда болған цунамиден 168 адам көз жұмды: Адамшошырлық кадрлар

Айта кетейік, Анак-Кракатау жанартауы 2018 жылдың маусым айынан бастап белсенділік танытып келеді. Жанартау ара-тұра атмосфераға күл бағанасын, ал кейде жанартау бомбаларын лақтырып отырады.

Индонезияда болған цунамиден 168 адам көз жұмды: Адамшошырлық кадрлар

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау