Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбританиядағы Ильяс Храпуновтың активтері бұғатталды

БТА банк талабы бойынша Ильяс Храпуновтың активтері бұғатталды деп хабарлайды КазТАГ.

1

«Комерсантъ» газетінде «БТА банкі Мұхтар Әблязовтың активттерін жасыруға  септігін тигізіп жүр деп И.Храпунов мырзаның үстінен британиялық сотқа шағым түсірген. Нәтижесінде, сот бизнесі Женевада орналасқан Ильяс Храпуновқа қаражатына иелік етуге тыйым салған», – деген мақала жарияланған.

Еске салса, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары М. Әблязовты «БТА банкі» АҚ-ның 5 млрд доллардан астам қаражат ұрлағаны және қылмыстық жолмен табылған табыстарды жылыстатқан ұйымдасқан қылмықстық топты құру мен оған басшылық жасау деректері бойынша қылмыстық істерге тергеуді жалғастыруда.

2009 жылғы 6 наурызда аталған қылмыстық істер бойынша М. Әблязовқа оны ұстау мен экстрадициялау мақсатында қамауға санкция бере отырып, халықаралық іздеу жарияланған. Онда Ресей 5 млрд доллар шамасында алаяқтық жасағаны үшін айыптаса, кейін Украина құқық қорғау органдары да  400 млн долларды заңсыз операциялар жасаған деп айып тақты. Осыдан соң кәсіпкер жасырынып кетіп,  кейін оған интерпол іздеу салған.

М.Әблязовты 2013 шілдеде Францияда ұсталды. 2014 жылы 24 қазанда Лионның аппеляциялық соты оны Ресей мен Украинаға  экстрадициялау туралы шешімді заңды деп тапты. 2015 жылы 17 қыркүйекте Франция премьер минситрі Манюэль Вальс  М.Әблязовты экстардициялау шешіміне қол қойылған.

Талқылау