Илья Рио Олимпиадасынан алтын медаль әкелетінін айтып, уәде берді

Сәрсенбі, 6 Қаңтар , 2016 11:41

2016 жыл әлем спортшылары үшін айрықша дата. Себебі, биыл Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жазғы Олимпиада ойындары өтеді.

4c268e1d66407b51ad80d3daa71a5e93

Аталған сында Қазақстан намысын қорғайтын ауыр атлет Илья Ильин Олимпиада ойындарынан алтын әкелуге уәде берді деп хабарлайды Астана арнасы.

Естеріңізде болса, 2015 жылдың желтоқсанында Грозныйда өткен ауыр атлетикадан Ресей президентінің кубогі додасында Ильин әлемдік рекордты жаңартып, жеңімпаз атанған болатын. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша рекорд орнатып, 437 келіні көтерді.
«Менің жаттығуларымның нәтижесі жарыста көрінеді. Менің 437 келіні еңсергенім шын мәнінде еңбектеніп жатқанымның дәлелі. Осыдан соң, Олимпиададан алтын әкелемін деп айта аламын», – дейді Ильин.

Бұдан бөлек, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова да Риода өзінің төрт жыл бұрынғы жетістігін қайталауға ниетті екенін айтты.

«Қазір бар уақытым Олимпиадаға дайындалумен өтіп жатыр. Әрине, алтын басты мақсатым. Алайда, алдын ала болжам жасамағанымыз дұрыс болар», – дейді Рыпакова.

Еске сала кетейік, Лондон Олимпиадасынан соң екінші сәбиін дүниеге әкелген Ольга Рыпакова өткен жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар