Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин “Бірлік” медалімен марапатталды

Олимпиаданың 2 дүркін, әлем чемпионатының 4 дүркін чемпионына татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін “Бірлік” алтын медалі табысталды.

33333333

Сурет khabar.kz

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Ауыр атлетке медаль Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XIXсессиясына қатысу кезінде құрметпен табыс етілді.

Сыр толағайы күллі елдің қолдауын сезінгенін айтып, алғыс білдірді. Сондай-ақ қазір Елбасыдан бастап, барлық спорттық салалық құрылымдар допинг дауына байланысты қалыптасқан жағдайды реттеуге күш салып жатқанын жеткізді. Зілтемірші Олимп шыңын үшінші рет бағындырып, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тамаша тарту жасағасы келетінін айтып қалды.

Оқи отырыңыз:

Илья: Спорттық бәсекеде тоқтата алмағандар, осылайша тосқауыл болғысы келеді

Ауыр атлеттер медалінен айырылса мемлекеттік сыйлықтарды да қайтаруы мүмкін

Илья Ильин халықтан өзін қолдауды сұрады

Илья Ильин мен қазақстандық үш олимпиада чемпионы жарыстардан шеттетілді

Талқылау