Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ілиясова жас кезінде тұрмысқа шыққалы жүрген жігітінің қайтыс болып кеткенін айтты

2010 жылы Айнұр Ілиясованың тұрмысқа шыққалы жүрген жігіті жол көлік апатынан қайтыс болған. Көлікте актрисаның әжесі де болған екен. Осылайша екі жақын адамынан бірдей айырылып, Айнұр көпке дейін өзіне келе алмай жүрген.

12751543_582367585252518_328409294_n

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Актриса тұрмысқа кеш шыққан бойжеткендердің қатарында. Мұның салмақты себебі де бар екен. 2010 жылы сырға салынып, тойға әзірленіп жүрген кезде, сүйіктісі жол көлік апатынан қайтыс болады. Көлікте Айнұрдың әжесі де болып, екі бірдей жақын адамынан айырылады. Қайғылы оқиғадан кейін актриса көпке дейін өзіне келе алмай жүреді.

“Әрине, сол сәтте өмірім үзілгендей болды. Өлгеннің артынан өлмек жоқ демекші, не істейсің?! Алдыға мақсат қойып, ары қарай жылжуға міндеттісің. Өмірді өзгерту үшін ортаны өзгерту керек. Ал олай жасамасаң, сөніп қалуың да мүмкін. Қанша қиын жағдай болса да, өмір тоқтамайды. Қасыңда басқа да жақын адамдарың бар. Мұнымен қатар, әке-шешеңе немере сыйлап, қуантуың керексің. Осы өмірге ризамын деп құдайға сиынып, ризашылығымды айтпасқа амалым жоқ”, – дейді актриса.

Актриса алғашқы ғашығын ұмытып, бүгінде Дәулет есімді азаматпен көңіл жарастырды. Ол өзінің кішіпейіл, ақкөңіл, сыпайы келін болатындығын айтады. Десе де, ауылда тұрғысы келмейтіндігін жасырмайды.

Жуырда Алматы қаласында Айнұр Ілиясованың тойы өтті. Актриса кино стиліндегі ерекше қызойнақ өткізді. Бірақ белгісіз себептермен ұзату тойын жасамаған. Мұнымен қатар, жігіт тарапынан романтикалық ұсыныс та болмаған. Ал уәде берген жұлдызды достары тойға келмей қалған.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда Айнұр Ілиясованың тойы өтті (фото, видео)

Актриса Айнұр Ілиясова тұрмысқа шықпақ

Айнұр Ілиясова кино стиліндегі ерекше қызойнақ өткізді (фото)

Кекіл немесе кекілсіз: Қай жұлдызға қандай шаш үлгісі жарасады?

Талқылау