Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ Атырау полиция басшысының қатысуымен болған казинодағы видеоға қатысты түсініктеме берді

ҚР Ішкі істер министрлігі Атырау полиция басшысының қатысуымен болған казинодағы видеоға қатысты түсініктеме берді. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода Атырау облысы аудандық бөлімінің басшысы Аян Дүйсембаевқа ұқсас ер адамның белгісіз біреулермен казинода жүргені анық көрінеді.

ІІМ Атырау полиция басшысының қатысуымен болған казинодағы видеоға қатысты түсініктеме берді

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бүгінде ҚР Ішкі істер министрлігі желіде тараған видеоның 2014 жылдың қазан айында түсірілгенін айта келе, оған қатысты түсініктеме берді.

«Атырау аудандық ішкі істер бөлімі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Дүйсембаев қызметтік демалыс барысында отбасылық досымен бірге Минскіде болды. Оның досы танысының казиносына шақырту арқылы келген. Дегенмен, оған ойын орнына баруға әйелі қарсы болып, күйеуін көндіру үшін Дуйсембаевқа казиноға келуін өтінген. Дүйсембаев құмар ойын ойнайтын жерге осы себеппен барған»,-деп түсіндірді Ішкі істеп министрлігінде.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары Дуйсембаевтың ойынға қатыспағанын, яғни құмар ойынды ойнамағанын атап өтті. Оның сол уақытта казинода тек досының жанында қарап тұрғаны 2014 жылдың қазан айында жүргізілген тексеруде нақты расталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау