ІІМ Ақтөбедегі атыстың жай-жапсарын анықтады

Дүйсенбі, 6 Маусым , 2016 7:57

ҚР Ішкі істер министрлігі террорға қарсы операция жүргізу барысында күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді.

82126_tn

“Белгісіз адамдар тобы “Паллада” қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, сатушысы мен күзет агенттігінің қызметкерін өлтірген, сондай-ақ, оқиға орынына жеткен патрульдік полиция қызметкерлерінің үшеуін жарақаттаған. “Пантера” дүкеніне шабуылдау кезінде бір адам қаза тауып, біреуі жараланған. Атыс кезінде оқиға орынына келген полиция үш содырдың көзін жойып, біреуін тұтқындаған”, – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Ал олар әскери бөлімге шабуыл жасау үшін қоғамдық автобусты басып алған. Жүргізуші мен жолаушыларды түсіріп тастап, әскери бөлімге автобуспен кіріп барып оқ жаудырған. Нәтижесінде үш әскериді өлтіріп, алтауын жарақаттаған. Одан соң кезекші қарауыл полицейлермен бірге бір шабуылдаушыны ұстап, біреуін жаралаған, ал бір күдіктінің көзі жойылған.

“Ақтөбедегі антитеррорлық операция кезінде 4 күдікті өлтіріліп, 7-еуі ұсталды. Олардың екеуі жаралы”, – деді Сәдубаев.

Оның айтуынша өзге күдіктілерді де іздестіру шаралары жүргізілуде.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Халима says:

    бастысы қоғамдық көліктегі адамдардың аман болғаны.

  • Камшат says:

    Құқық қорғау органдары мән-жайды толыққанды зертейді, кінәліліер жазаланды. Бұған еш күмән келтірмеймін.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар