Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ: Ақтөбеде балалар мекемелеріне шабуыл жасалғаны туралы ақпарат жалған

ҚР ІІМ Ақтөбеде балалар мекемелеріне шабуыл жасалғаны туралы ақпарат жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

лагер

«Ішкі істер органдарына шынымен де мұндай ақпарат келіп түсті және жіті тексерілді. Алайда бұл ақпарат расталған жоқ. Қылмыскерлерді ұстау кезінде жараланғандар саны сол күйінше қалып отыр – төрт адам», – деп мәлім етті ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда қылмыскерлер Ақтөбеде «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкеніне қарулы шабуыл жасап, содан соң ҚР Ұлттық гвардиясының әскери бөліміне басып кірмекші болған.

«MAN» маршруттық автобусын басып алған олар, жолаушылар мен жүргізушіні түсіріп, тексеру-өткізу пунктінің қақпасын автобуспен соғып құлатып, қару-жараққа қарай беттеген. Алайда олар қару-жараққа қол жеткізе алмады. Қарауыл күзетшісі қару қолданып, олардың бөлімнің аумағына әрі қарай енуіне жол бермеді.

Барлығы Ақтөбедегі теракт салдарынан төрт лаңкес, үш әскери қызметші, үш бейбіт тұрғын қаза болды. Түнде жүргізілген жедел-іздестіру шарасы кезінде ұстау және полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету кезінде тағы 5 қылмыскердің көзі жойылып, 2-уі ұсталды.

Ақтөбе облыстық ІІД іздеуде жүрген қылмыскерлердің аты-жөні мен суретін жариялады. Олардың бесеуі – Ақтөбе, екеуі – Қызылорда мен Ақмола облыстарының тумасы. Ең үлкені – 34 жаста.

 

 

Талқылау