Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІД: Алматыдағы арнайы операция аяқталды

Алматы полициясы қаладағы жедел-іздестіру шарасының аяқталғанын хабарлады. Қылмыстық мәндегі ақпарат расталмаған.

12589939

Фото: newskaz.ru

“Жедел-іздестіру шарасы өз мәресіне жетті. Қылмыстық мәндегі ақпарат тексерілген болатын. Ол расталмады”, – делінген ІІД хабарламасында.

Бұған дейін, Гоголь-Зенков-Мақатаев-Абдуллин көшелерінде арнайы операция жүргізіліп жатқаны хабарланған еді. Аталмыш мекен-жайға қаруланған арнайы қызмет өкілдері келіп қоршауға алған. Сондай-ақ, “Рахат” кондитерлік фабрикасы аумағы да қоршалып, Көк базар есіктері жабылған болатын.

Ішкі істер департаменті бұл операцияның 18 шілде күнгі қанды оқиғамен байланысы бар-жоғы туралы ақпарат бермеді.

Еске сала кетсек, 18 шілде күні Алматыда ер адам полиция бөлімшесі мен ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасап, 6 адамды өлтіріп, бірнешеуін жаралаған болатын.

Талқылау