Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иесін «бұзақының» шабуылынан қорғап қалған піл жұртты сүйсіндірді (видео)

Таиландта піл өзінің иесіне деген адалдығын дәлелдеп, оны «бұзақыдан» қорғап алды. Алайда жануар иесіне жасалған шабуылдың әдейі ұйымдастырылғанын білген жоқ.

Иесін «бұзақының» шабуылынан қорғап қалған піл жұртты сүйсіндірді (видео)

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылым мәліметінше, қызықты оқиға Таиландта орын алған. Тонгсри атты 17 жастағы пілдің иесі досымен келісіп, өзіне шабуыл жасалғандай қойылым ұйымдастырған. Осы кезде піл өз иесіне жүгіріп келіп, бәрінің дұрыс екеніне көз жеткізу үшін, оны айналшықтап, жанында жүрген.

Айта кетсек, былтыр фин ғалымдары пілдердің адамдармен қарым-қатынасты ұнататынын, адамдар сияқты көңілді әрі ұқыпты бола алатынын анықтаған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау