Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ибрагимовтің тойында тойбастардың орнына әншінің үнтаспасы таратылады

Әнші Серік Ибрагимов жуырда қалыңдығын ұзатып алды. Ибрагимовтер әулетіне Айнамкөз есімді ару келін болып түсті. Ал үлкен той 12 қазанда Қызылорда қаласында өтеді деп жоспарланған. Әншінің продюсері Алтынбек Рахметов алда өтетін той туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, ол үйленбес бұрын Серіктің өзімен ақылдасқанын айтты.

14553055_1156227821110573_3239489700167155712_n

«Менімен ақылдасты. Тойдың уақытын екеуміз отырып белгіледік. Келінмен арнайы таныстырды. Ол қызбен танысқанына 5 жылдан аса уақыт өткен. Ол кезде Серік Ибрагимов консерваторияның студенті болған. 5 жыл ішінде екеуінің қарым қатынасы шыңдалған шығар», – деді продюсер 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында.

Сыр өңірінде өтетін үйлену тойына 550 адам шақырылған. Олардың тең жартысы – эстрада жұлдыздары.

«Алматыдан кім келетінін білмейміз, бір айта кететін жағдай, сол тойда Серікке Ескендір Хасанғалиев пен Дарико апайымыз ақ батасын береді. Әнші болғаннан кейін тұлғалы әншіден бата алу үлкен құрмет. Одан бөлек келетіндер – қазіргі буын әншілері. Өзінің үйлену тойында тойбастар ретінде қос дискілі үнтаспасы халыққа ұсынылады. Майда-шүйде заттар тойбастарға салынбайды», – дейді Рахметов.

Бір таспада Серік Ибрагимовтің жекелей орындаған әндері болса, екінші таспасында дуэтпен айтқан әндері бар.

Жіберіп алмаңыз: 

Бағлан Әбдірайымов: Үндемей жүре берсек, дастархан басында еркек пен еркектің сүйіскенін де көреміз

“Ninety one” тобы: Біз қызтеке емеспіз, біз қыздарды жақсы көреміз

Мейрамбек Беспаев: Мархаббаттың шайы тәтті еді, қазір келінімнің шайы бал болып жатыр (видео)

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы кінәсін мойындады

Талқылау