GTA ойнап үйренген 11 жастағы бала көлікті ұрлап айдап кетті
Канаданың Онтарио провинциясында 11 жастағы бала Grand Theft Auto V ойынына қызығып кетіп ата-анасының көлігін айдап кеткен.

Оқиға 26 қараша күні кешкілік болды. Бала көлігімен қарсы бағытқа шығып кетіп жылдамдықты асырған. Патруль полициясы жол ережесін бұзған жүргізушіні қуа жөнеледі.
Полицейлер көлікті тоқтатқанда оның ішінде кішкентай бала екенін аңғарады. Ол баланы тергей отырып, оның үнемі Grand Theft Auto V ойынын ойнайтынын білген. Бүлдіршін ойындағы көліктің шын мәнінде өмірде қалай жүретінін көргісі келіпті.
Сериялық Grand Theft Auto ойынын 18 жастан асқандарға ғана ойнауға рұқсат беріледі. Бұл баланың ойынды қалай аша алғаны белгісіз.
Жіберіп алмаңыз:
Ресейде ұры таксист жолаушыларын мандарин беріп улап отырған
Есікте қыз зорлады деп сотталғандар сот отырысынан соң төбелес жасады
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”