Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің промоутері боксшының келесі жекпе-жектегі негізі қарсыласын атады

Орта салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жылдың көктемінде рингке оралмақ.

Геннадий Головкин

Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Леффлердің сөзінше, Головкин 2019 жылдың наурыз немесе мамыр айында рингке оралады. Оның келесі жекпе-жегінің негізгі кандидаты – орта салмақ дәресежіне WBA Regular атағының иегері Риота Мурата. Десе де жапониялық боксшыға 20 қазанда Лас-Вегасте америкалық боксшы Роб Брантпен айқасып, жеңіске жетуі керек. Өз сөзінде, Том Леффлер аталған жекпе-жекті тамашалайтынын айтты.

Мурата жеңіске жеткен жағдайда, Леффлер жапониялық боксшының промоутерлерімен Жапонияда жекпе-жек өткізу жөнінде талқыламақ.

«Егер Мурата демалыс күні Брантты жеңсе, ол бізге өте тартымды нұсқа болмақ. Мен Хонда мырзамен (ред. Муратаның промоутері) және Top Rank-пен жақсы қарым-қатынастамын. Бұл жекпе-жеткі өткізуге болады. Геннадий үнемі халықаралық деңгейде айқас өткізгісі келетін. Біз Головкиннің неге бәс тігіп отырғанын және Муратаның Жапониядағы сұмдық көрсеткіштерін білеміз. Ол – өте танымал», – дейді Головкиннің промоутері.

Еске сала кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз  Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау