Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин 35-ші жеңісін Назарбаевқа арнады

Геннадий Головкин жақындағы жеңісін Елбасына, елімізге, Қазақстан халқына арнады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен ашылған XXIV сессиясында мәлім болды.

photo_183216

Сурет Ақорда

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Сессия барысында ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинның Елбасының атына жолдаған хатын оқып берді.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа! Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты тақырыптағы XXIV сессиясының ашылуымен құттықтаймын! Мен сіздің маған «Нұр Отан» партиясының XXVI съезінде берген тапсырмаңызды орындағаным туралы қуанышпен баяндағым келеді. Осы жеңісімді Сізге, Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің елімізге – Қазақстанның біртұтас халқына арнаймын! Біздің ең басты құндылығымыз бейбітшілік пен келісім жасай берсін! Сізге мықты денсаулық пен игілік тілеймін!» – делінген Головкин хатынды.

Естеріңізге сала кетейік, 24 сәуірде жерлесіміз, әлемдік бокс серияларының WBA, IBO, WBC (Interim) және IBF секілді төрт белбеуінің иегері Г.Головкин (35-0, 32 КО) АҚШ-тағы «Форум» аренасында бұған дейін еш жеңіліп көрмеген америкалық Доминик Уэйдті (18-0, 12 КО) екінші раундта нокаутқа жіберіп, кезекті жеңісіне қол жеткізген болатын.

Талқылау