Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин туралы жалған мәлімет таратқан жігіт кешірім сұрады

Желіде Альварестің екінші мәрте допингпен ұсталғаны жайлы ақпарат тарап кетті. Одан бөлек Головкиннің жеңісіне бәс тіккен жігіттің өзін өртегені туралы видео жарияланды.

головкин

Головкиннің жеңілісіне сенбей жүрген жұрт алғашқы ақпараттан соң, қуаныштан бір-бірін құттықтасып жатты. Геннадийдің белбеулері өзіне қайтарылатын болды деп қуанды. Алайда бокс федерациясы мұның жалған хабар екенін мәлімдеді. Жанкүйерлердің қуанышы көпке созылған жоқ.

Одан бөлек Головкиннің жеңісі үшін 3 млн теңге тікке азамат өзін өртеді деген ақпарат тарады. Видеоға түсіруші көшедегі өрттің себебін осылайша өзінше болжады. Жеңілістен соң жігіттің өзін өртеп жібергенін айтып әзілдеген. Бұл видеоны сыныптастарыма жіберу үшін әзілдеп түсірдім деп ақталды ол. Енді сол әрекеті үшін жауапқа тартылады.

Айта кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз  Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.

Головкин «Канеломен» екінші жекпе-жекте жеңілгеннен кейін спорттан шеттетілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау