Головкин мен Мартиросянның жекпе жектен қанша табыс табатыны белгілі болды
Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросяның бүгінгі жекпе-жек үшін қанша табыс табатыны жарияланды.

© AP Photo / Jae C. Hong
“Алдағы жекпе жекте Геннадий Головкинның қаламақысы — 1 миллион долларға, Ванес Мартиросянның қаламақысы— 225 мың долларға келісілді”, — деп жазды Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр твиттер желісінде.
Бұған дейін БАҚ-та Головкиннің осы айқаста 2 миллион долларға жуық ақша алатыны айтылған болатын. USA Today Головкин 2-3 миллион доллар табады деп болжады.
Ел күткен жекпе жек 5 мамыр күні Карссондағы StubHub Center аренасында өтеді. Айқас Қазақстанда 6 мамыр күні көрсетіледі.
Тағы оқыңыз:
Головкин мен Мартиросянның жекпе жегі Қазақстанда қай уақытта көрсетіледі?
Головкиннің алдағы жекпе жектегі қарсыласы: Әйелім Головкиннің жанкүйері
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді