Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен Канело 2017 жылға дейін шаршы алаңда кездеспейді

Танымал рефери Джо Кортес WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы 25 жастағы мексикалық  Сауль «Канело» Альварес пен WBA (Super), WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы 33 жастағы қазақстандық  Геннадий Головкин биыл шаршы алаңда кездеспейді деп санайды.

Boj-Gennadij-Golovkin-Saul-Alvares

Сурет rostrek.com сайтынан алынды

«Альварес командасы ақылмен әрекет етіп жатыр деп ойлаймын. Олар аса қауіпті қарсыласпен кездесіп, басын тәуекелге тіккісі келмейді. Өйткені олар бұдан әлдеқайда жеңілірек миллион өзге оппоненттер бар екенін біледі.  Канело жас және Головкинді өзінің келесі қарсыласы ретінде көріп отырған жоқ. Дұрысы 2017 жылға дейін күту керек», – деді Кортес.

Талқылау