Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин «Канелодан» жеңілгеннен кейінгі қиын күндері туралы алғаш рет айтып берді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мансабындағы алғашқы жеңілісі туралы айтып, Сауль «Канело» Альварестен жеңілгеннен кейінгі жағдайын еске алды.

Головкин «Канелодан» жеңілгеннен кейінгі қиын күндері туралы алғаш рет айтып берді

Бұл туралы Головкин Hoy Deportes басылымына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мен бәрін өте дұрыс түсіндім. Маған сол кезде ұлымның дүниеге келгені көмектесті. Көп уақытымды отбасыммен бірге өткіздім. Жеңіліс үшін көңіл-күйім түспек түгілі... Ендігі мен мұның бәрі қалай жұмыс істейтінін түсінемін. Бұл бизнестің қалай жүретінін, кімнің өзгелер үшін басымдылық танытатынын ұқтым», - дейді боксшы. 

Еске сала кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз  Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.

Талқылау