Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин «Канелоны» алғашқы жекпе-жек алдында допинг пайдаланды деп айыптады

Боксшы Геннадий Головкин 16 қыркүйекте өткен алғашық айқаста қарсыласы «Канело» тыйым салынған заттарды пайдаланбағанына күмәнданып отыр.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz  хабарлайды.

WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин «Канелоның» алғашқы жекпе-жекте допинг қлданбағанына күмәндануда.

Естеріңізге сала кетсек, 17 және 20 ақпанда Канелоның допинг сынамасынан тыйым салынған зат (кленбутерол) табылды. Мұнан кейін Альварес 3 допинг сынамасын тапсырды. Алайда боксшының 3 сынамасы да таза болып шықты.

Десе де Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр Головкиннің «Канелодан» әлі де күмәнданып отырғанын айтты.

«Канелоның» бұлшық еттерінен инъекцияның ізі байқалып тұрды. Суреттен көріп, дәрігерлерден сұрауыңызға болады», – дейді Головкин.

Айта кетсек, Головин мен «Канелоның» қарымта кездесу 5 мамырда Лос-Анджелесте өтетін болады.

Оқи отырыңыз:

Бибісара Асаубаеваға тіл тигізген ресейлік бапкер жазаға тартылды

Головкин “Канеломен” қарымта кездесу өтпей қалған жағдайда не істейтінін айтты

Димаш Ниязов пен Данияр Елеусінов бір кеште жұдырықтасатын болды

Димаш Ниязов америкалық сүйіктісін көрсетті (фото)

Талқылау