Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Ниязов пен Данияр Елеусінов бір кеште жұдырықтасатын болды

24 сәуірде қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Сол кеште “Нью-Йорктің үздік полицейі” номинациясын жеңіп алған қазақ баласы Димаш Ниязов та жұдырықтасады.

Бұл туралы prosports.kz жазды.

Бруклинде өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Дэниэл Джейкобс пен поляк Мацей Сулецки шығады.

Бұл кештің андеркардында Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы дебютін өткізетіні белгілі болған. Оның қарсыласы әзірше белгісіз.

Сонымен қатар, бұл кеште тағы бір қазақстандық жұдырықтасатыны анықталды. BoxRec.com сайтының ақпаратына сүйенсек, Димаш Ниязов та сол күні кездесу өткізеді. Бірақ оның да қарсыласы белгісіз.

Айта кетейік, «Нью-Йоркте ең үздік полицейі» атанған Димаш Ниязов ОҚО, Қазығұрт ауданының тумасы. Ол рингтегі 12 жекпе-жегінің бірде-біреуінде жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы.

Тағы оқыңыз:

Димаш Ниязов америкалық сүйіктісін көрсетті (фото)

Головкин-Альварес жекпе-жегін алты айдан кейін өткізуді ұсынды

Қазақстанның Олимпиада комитеті 2026 жылғы ойындарды өткізу ойынан бас тартты

Қазақстандық боксшы Иван Дычконың қарсыласы белгілі болды

Әйелдер арасындағы GGG:  Қазақ қызы АҚШ-та өткен алғашқы жекпе-жегінде қарсыласымен тең түсті

Талқылау