Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдер арасындағы GGG:  Қазақ қызы АҚШ-та өткен алғашқы жекпе-жегінде қарсыласымен тең түсті

18 наурызда қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова мен американдық Лиза Портердің арасында бокстан жекпе-жек өтті. Сатыбалдинова әйелдер арасындағы кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде қарсыласымен тең түсті.

18 наурызда АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Коммерс қаласында қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинованың кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуі өтті. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова жеңіл салмақта америкалық Лиза Портермен (1-1-1) екі минуттан төрт раунд жұдырық түйістіріп, тең түсті. Америкалық спортшы бұған дейін де жекпе-жекке шыққан. Ол алғашқы айқасында жеңіске жетіп, екіншісінде жеңіліс тапқан болатын. Ал әйелдер арасындағы кәсіпқой бокста қазақстандық спортшы Аида алғашқы шайқасында қарсыласымен тең түсті.

Айта кетейік, боксқа қатысты жаңалықтар көрсетілетін белгілі EsNews Youtube-арнасы және оның жүргізушісі Эли Секбах Сатыбалдинованың соққысын оның отандасы, орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) соққысымен салыстырған болатын. Аиданың өзі де отандасы GGG-дің өнерін ұнайтынын айтқан болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Боксшы Арман Рысбек кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарын бір алтынмен аяқтады

Елдос Сметов «Grand Slam» турнирінде жеңіске жетті

«Канелоның» допинг сынамалары таза болып шықты

Талқылау