Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатын тамашалау үшін Мәскеуге келді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Ресейде өтіп жатқан футболдан 2018 жылы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне келді.

Геннадий Головкин

Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер айтты, деп хабарлайды ESPN басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Головкиннің промоутер Том Леффлердің сөзінше, Головкин Мәскеуге демеушілердің бірінің шақыруымен қонақ ретінде келіпті.

Айта кетсек, салтанатты шара 14 маусымда Мәскеудегі «Лужиники» алаңында өтеді. Аталған шара Астана уақыты бойынша сағат 20:30-да басталады. Шарадан кейін алғашқы ойынды Сауд Арабиясы мен Ресей құрамасы бастайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау