Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин Forbes табысты боксшыларының тізімінде жоғарылады

Forbes журналының сайты коммерциялық табысты боксшылар тізімін жаңартты.

img

Фото: prosportkz.kz

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Үздік ондықтағы алғашқы орын Роман Гонсалесті жеңген мексикалық Сауль Альвареске тиесілі. Үшінші орында тұрған Геннадий Головкин бір саты көтеріліп, екінші орынға жайғасты. Тайсон Фьюри мен Владимир Кличко үшінші орынды бөлісті.

“Альвареспен кездеспесе де, орта салмақтағы Келл Брукпен жекпе-жекке шығатын Головкин, сөзсіз, әдеттегідей жұртшылықтың назарын аударып, мол пайдаға кенеледі. Головкин өміріндегі ең табысты жекпе-жекті өткізе алады. Тек 34 жастағы боксшы өзін кәрі сезінбей, мүмкіндікті күтуі керек”, – деп жазды басылым.

Кейінгі орындар мына боксшылардың есімімен толықты:

4. Андре Уорд

5. Сергей Ковалев

6. Деонтей Уайлдер

7. Кит Турман

8. Теренс Кроуфорд

9. Эррол Спенс

10. Флойд Мейвезер.

34-жастағы Головкин биыл екінші жекпе-жегін өткізбек. Бұған дейін ол 2016 жылы сәуір айында Доминик Уэйдті сұлатып салған еді. Сарапшылардың басым бөлігі алдағы жекпе-жекте бокстан WBC, WBA (Super), IBO, IBF версиялары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (35-0, 32 КО) жеңіп шығатынына сенімді.

Бұған дейін Гена аталмыш жекпе-жек барысында төрешілер шешімі қажет болады деп ойламайтынын айтқан еді.

Айта кетейік, отандасымыз 10 қыркүйек күні Астана уақытымен түнгі 23:00-де Лондондағы О2 аренада британиялық боксшы Келл Брукқа қарсы кезекті жекпе-жегін өткізеді. Бокс кешін “Қазақстан” және KazSport арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Бұған дейін әйгілі футболшы Златан Ибрагимовичтің Головкинге жанкүйер болуы үшін бокс кешіне арнайы баратындығы айтылған еді.

Оқи отырыңыздар:

Головкин кубалық боксшымен жұдырықтасудан бас тартты

Головкин FightHub TV тілшісінің қолын сындыра жаздады (видео)

Талқылау