Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин барлық белбеулерін қайтара ала ма: Бокс федерациясы пікір білдірді

Қазақстандық бокс федерациясын «Канело» допингпен ұсталды» деген қаусетке байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

оловкин барлық белбеулерін қайтара алады ма: Бокс федерациясы пікір білдірді

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар Головкиннің соңғы қарсыласы мексикандық боксшы Альварестің допинг-үлгісі тағы расталды деген ақпаратпен бөлісуде. Головкиннің жанкүйерлері бокс федерациясына сілтеме беріп, оған барлық белбеулерін қайтарылады деуде.

Алайда қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған ақпаратты федерация таратпаған.

«Мұндай ақпаратты біз таратқан жоқпыз және «Канелоның» тағы да допингпен ұсталғанын естімедік» , – деп жауап қайтарған федерация өкілдері.

Сонымен қатар, олар Головкинге кез келген сәтте қолдау көрсететіндерін айтып, кәсіби бокске келгенде белгілі пікір білдіруге құқылы емес екендерін айтқан.

Естеріңізге салсақ, желіде Геннадий Головкинмен айқасқа шығудан бір күн бұрын Сауль Альварестің дәрі сияқты нәрсені қабылдағаны түсірілген видео қызу талқыланып, артынша допинг қолданғаны расталған жағдайда Головкинге барлық белбеулері қайтарылады деген қауесет тараған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау