Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин әуесқой бокста өзін жеңіп кеткен боксшыға 25 мың евро беріп көмектесті

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин неміс боксшысы Эдуард Гуткнехті қолдауға бағытталған қайырымдылық кешіне қатысты.

Бұл туралы Waz-online.de хабарлайды.

29 қыркүйек күні өткізілген кешке 100 шақты адам, оның ішінде танымал тұлғалар да қатысқан. Ұйымдастырушылар боксшының отбасына беру үшін кеш барысында 50 мың евро жинаған. Головкиннің өзі 25 мың евро бөлген.

Еске салсақ, өткен жылдың қараша айында Гуткнехт Джордж Гроувзбен 12 раунд жұдырықтасып, одан кейін ауруханаға түскен еді. Дәрігерлер боксшының миына қан құйылғанын анықтап, оған операция жасады. Ал осы жылдың сәуір айында боксшының әйелі дәрігерлердің болжамын айтты. Ол бойынша спортшы бас-ми жарақатынан ешқашан толықтай қалпына келе алмайды екен.

Гуткнехт әуесқой бокста жүрген кезде Головкинмен кездесіп, тіпті қазақстандықтан басым түскен еді. Ол кездесу 2005 жылы Германиядағы Chemie Pokal турнирінде болған.

Оқи отырыңыз:

Түрмеден шыққан ММА шебері қарсыласын нокаутқа түсірді

Головкин-Альварес кездесуі бокс тарихында ең көп табыс тапқан үшінші жекпе-жек атанды

Ақтөбелік спортшы әлемді мойындатты

Джейкобс Головкинмен екінші рет кездесу үшін НВО арнасымен келісімшарт жасады

Талқылау