Головкин-Альварес қарымта кездесуінің билеттері сатылымға шықты
Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес Канело арасында өтетін екінші жекпе-жектің билеттері сатылымға шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Sport.inform.kz-ке сілтеп.

Бүкіл әлем күткен айқастың билет құны 566-дан 52 000 долларға дейін өзгереді.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық спортшы Сауль Альварес Канелоның қарымта кездесуі ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Сондай-ақ, Головкиннің бұл реваншта 40 миллионнан астам доллар табатыны хабарланды.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық кәбіпқой боксшы Геннадий Головкиннің «Канелоны» тізе бүктіргеннен кейін, тағы кімдермен жекпе-жекке шығатыны туралы хабарлаған болатынбыз.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді