Головкин «Канелоны» жеңсе, тағы кіммен жекпе-жекке шығатын болады
Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер GGG мексикалық спортшы Саул Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта кездесу өткізгеннен кейін, оның перспективасы туралы айтты.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Егер Головкин 15-ші қыркүйекте Канелоны жеңсе, онда ол орта салмақ дәрежесі бойынша үздік чемпион атанады және жағдайдың қалай болатынын көреміз. Головкинмен жекпе-жекке шығуы мүмкін спортшылардың ішінде Джермалл Чарло бар. Сондай-ақ, Деревянченко – Джейкобс мен Сондерс – Андраде жекпе-жектерінің жеңімпаздары және Бенавидес, Джеймс Дигейл сынды спортшылар бар», – деді Том Леффлер.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық спортшы Сауль Альварес Канелоның қарымта кездесуі ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады