“Голос” мега-шоуының жұлдызын бұрынғы күйеуі өлтіріп кетті
«Голос» шоуының камбоджиялық нұсқасы бойынша соңғы маусымына өткен әнші Сан Срейлай көз жұмды.

Фото: © Asiawire
23 жастағы әншіні бұрынғы күйеуі өлтіріп кетті. Ол әншіден 30 жас үлкен болған.
The Sun мәліметінше, Чей Рин бұрынғы әйелін Пномпендегі сұлулық емханасының алдында күтіп тұрады. Ол шыққанда тапаншамен атып тастайды. Оның мерт болғанына көзі жеткен соң өзіне де қол салады.
Қазір ел полицейлері тергеу жүргізіп жатыр. Қаза болған ерлі-зайыптының артында екі баласы қалды. Әпкесінің айтуынша, Сан Срейлай күйеуімен ажырасып кеткен. Ол шоуға қатысқан соң күйеуі екеуі жиі ұрысатын болыпты.
Тағы да оқыңыз:
Lexus мінген қыз бір топ адамды басып кетіп, 6 адам көз жұмды (фото)
Түркияда 19 жастағы орыс қызын бір топ жігіт зорлап, видеоға түсірген
Ақтөбеде зорлаушыдан қашқан 21 жастағы қыз терезеден секіріп кетті
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті
"50 миллиардқа жуық қаржы бөгде шотқа түседі": Блогер Республика сарайын жалға берушілерді ел қазынасына қол сұқты деп айыптады
Блогер: "Қағаз жүзінде жасалған келісімшарттан кейін қаражат қазынаға емес, осы ұйымның басқа шоттарына түседі"