Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голландиялық интернетте танысқан қызды 10 күн бойы әуежайда жатып күткен

41 жастағы Александр Питер Кирк Голландиядан Хунань провинциясына қытайлық қызбен кездесу үшін ұшып келген. Ол Цанг есімді бойжеткенмен интернет арқылы танысыпты.

_90608122_dutchman-4

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Ер адам қызды 10 күн бойы әуежайда жатып күткен. Алайда күткен қызы келмепті. Ал Цанг болса голландиялықтың уәдесін әзіл деп қабылдапты.

_90608416_dutchman-1

Кирктің айтуы бойынша, ол қытайлық 26 жастағы қызбен екі ай бұрын танысуға арналған желі арқылы танысқан. Ол қыздың келмегеніне қарамастан, 10 күн бойы әуежайда болған. Ақыры оның физикалық жағдайы нашарлағаннан кейін оны ауруханаға жеткізіпті. Цанг болса бұл жағдайды телеарнадан естіп білген.

_90608121_dutchman-2

“Ол маған бір күні ұшаққа алған билетінің суретін жіберген, алайда мен оны әзіл деп түсіндім. Одан кейін ештеңе жазған жоқ”, – дейді қыз.

Ал голландиялық Қытайға келген кезде, қыз телефонын өшіріпбасқа провинцияға пластикалық операция жасату үшін кетіп қалыпты. Бұл жағдайды қытайдың әлеуметтік желісінде қолданушылар қызу талқылап, голландиялықтың әрекетін ақылға сыйымсыз деп бағалаған.

_90608123_weibocomments

“Шетелдік аяқ киімін шешіп, әуежайдағы орындықта ұйықтап жатыр. Қандай ақымақтық!” деп жазады желі қолданушыларының бірі. Ал енді бірі болса, ер адамның уәдесі мен ісіне немқұрайлы қараған қызды кінәлайды.

Дегенмен, Цанг ер адам ауруханадан шыққаннан кейін онымен кездескісі келетінін айтыпты.

Талқылау