Голландиялық архитектор жүзетін мектеп ойлап тапты
Голландиялық архитектор Бангладештегі лашықтарда тұратын балаларға арнап жүзетін мектеп ойлап тапты. Ерекше нысан 15 мың пластик шөлмектен жасалған.
theguardian.com
Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.
Контейнердің ішінде планшеттер, мұғалімдермен бейнебайланыс жасауға арналған экрандар сияқты заманауи оқыту жүйесіне қажеттінің барлығы бар. «Бұл мектеп өте берік әрі қауіпсіз», – дейді идея авторы. Айрықша оқу орны Бангладешке бірнеше аптадан кейін жіберілмек.
Талқылау