Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«GGG робот емес»: Мартиросян Головкинмен өтетін жекпе-жекте әлемді таңғалдырмақ

Қазақстандық былғары қолғап шебері, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің америкалық қарсыласы Ванес Мартиросян 5 мамыр күнгі жекпе-жекте бірнеше нұсқа бойынша GGG-ді жеңіп, жұртты таңғалдыратынына сенімді.

«GGG робот емес»: Мартиросян Головкинмен өтетін жекпе-жекте әлемді таңғалдырмақ

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп,  Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазіргі уақытта Мартиросян бұрынғы UFC чемпионы Ронда Розимен жұмыс істеген белгілі жаттықтырушы Эдмонд Тарвердяның басшылығымен SNAC спорт орталығында жаттығуда.

«Мен бұл мүмкіндікке әлемді таңғалдыру үшін қол жеткіздім. Мен роботпен жұдырықтаспаймын. GGG – қарапайым адам, оны жеңуге болады. Мен осы жекпе-жекке құмартып отырмын. Қазіргі уақытта SNAC спорт орталығында жаттығып жатырмын, сондықтан бізде жеңіске жету үшін жоспар бар екендігіне сенемін», – деп келтіреді Boxingscene.com Мартиросянның сөзін.

Айта кетейік, Головкин мен Мартиросян кездесуі 5 мамырда Лос-Анджелес маңындағы Карсондағы (Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді.

Оқи отырыңыз: 

Хоккейден өткен 2018 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетті

Головкинмен жекпе-жекке шығатын қарсылас табылды

Қазақстандық футболшы дәл ойын кезінде дәрет сындырып, ұятқа қалды (видео)

“Канело” GGG-мен осы күзде кездесуі мүмкін

 

Талқылау