Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Канело” GGG-мен осы күзде кездесуі мүмкін

Невада Атлетикалық штатының комиссиясы сәрсенбіде мексикалық боксшы Сауль Альварес Канелоны алты айға жарысқа қатысу құқығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Канело GGG-мен осы күзде кездесуі мүмкін

Бұл туралы Sputnik Қазақстан -ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Өткен күзде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Канелоның ұзаққа созылған шайқасында екі спортшы тең түскеннен кейін, олардың командалары биылғы жылдың 5 мамырында Лас-Вегаста кездесу өткізуге келіскен болатын. Алайда, ақпан айында мексикалық боксшы тапсырған екі допингтік сынақ оның қанында клэнбуртерол препаратының бар екенін дәлелдеді.

Осындан кейін Канелоны уақытша спорттан аластатқан болатын. Бастапқыда оның тағдырын осы жылдың 10 сәуіріне дейін Невада штатының Атлетикалық Комиссиясы шешетін болған, бірақ содан кейін тыңдаулар 18 сәуірге ауыстырылды.

Сәрсенбі күні комиссия мүшелері мексикалық боксшыны алты айға  спорттан уақытша  аластату туралы шешім қабылдады.

Канело жарысқа қатысу құқығынан бір жылға айырылуы мүмкін еді. Бірақ комиссия оның допинг дауына алғаш ілініп тұрғанын, сондай-ақ оң допингтік сынақтардан кейін барлық талаптарын орындағанын ескеріп, спорттан алты айға ғана шектеді.

Альваресті спорттан аластату  уақыты соңғы оң сынақтан өткен сәттен, яғни 17 ақпаннан басталады. Ал мексикалық боксшы тамыз айының соңына қарай бокс алаңына орала алады. Сонымен қатар, Головкиннің командасы және Генадийдің өзі Альвареспен арадағы жекпе-жектің өзектілігін сақтап қалатынын бірнеше рет атап өтті.

Осылайша, боксшылардың екінші кездесуі өткен жылғы секілді Мексиканың Тәуелсіздік күніне орай (16 қыркүйек) қайтадан сол уақытта өтуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: 

Қанат Ислам мен Геннадий Головкин жекпе-жекке шыға ма

Данияр Елеусінов кәсіби бокста кіммен жекпе-жек өткізеді

КВН ойыншысы Астанадағы мұз айдыны сарайына басшы болды

Шешенстанда қазақ балуаны қарсыласын 30 секунд ішінде нокаутқа жіберді (видео)

Талқылау