Германиялық ер адам бүйрегін арзан бағаға ауыстыру үшін Шымкентке келді

Германия азаматы бүйрегін Шымкентте ауыстырды. Бұл Оңтүстік Қазақстанда шетел азаматына жасалған тұңғыш операция, деп хабарлады “Астана” телеарнасы.

Дәрігерлер 4 сағатқа созылған ота сәтті өтті деп отыр. Науқасқа украиналық туысы донор болған.

Дәрігерлердің айтуынша, 50 жастағы шетел азаматын ота бағасының тым арзандығы қызықтырған. Ол 4,5 млн теңге. Ал Еуропа мен АҚШ-та бүйрек трансплантациясының орташа құны шамамен 60-70 мың доллар шамасында екен.

“Қазіргі таңда екеуінің де жағдайы дұрыс. Үйіне шығарайын деп жатырмыз, Құдай қаласа, шығады. Әрі қарай кезекте тұрған  Румыния азаматары келе жатыр, Болгариядан да адамдар келе жатыр”, —дейді Шымкент қалалық ЖМКК ауруханасының бас дәрігері Мәди Бегалиев.

Шымкентте бүйрек ауыстыру операциясы 2013 жылдан бері қолға алынған. Содан бері жүзден астам адамның органы трансплантацияланды. Оның біреуіне мәйіт бүйрегі салынса, өзгелеріне  туыстары донор болған.

Оқи отырыңыз:

Елімізде Үндістаннан келген туристер жаппай тексеріліп жатыр

Ақтөбеде жалақы алмаған тәрбиешілер білім бөліміне басып кірді 

Жалаңаштана шешініп тастап билеген қазақ жігіттер елдің ашуына тиді (видео) 

Қызылорда облысының тұрғыны қарызын бермеу үшін әйел адамды өлтіріп кетті 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар