Германияда жүздеген қыз бала кәмелеттік жасқа толмай некелескен

Жексенбі, 11 Қыркүйек , 2016 21:16

Германиядағы билік өкілдерінің пікірі екіге айырылды. Бірі жүздеген жасөспірімге күйеулерімен бірге тұруға рұқсат етсе, екіншілері бұл үрдіске заңмен тыйым салуды құптап отыр.

image

Бұл туралы dailymail.co.uk басылымы хабарлайды.

Қазіргі таңда Германияда 14 жасқа дейінгі 361 қалыңдық мигрант ретінде тіркелген. Немістерде 18 жастан асқан соң ғана некелесуге рұқсат береді. Кей жағдайда 16 жаста отбасын құру мәселесі қаралады. Алайда мемлекетте 18 жасқа дейін отбасын құрып үлгерген шетелдіктердің саны 1 500-ге жеткен.

Үнді халқы маңдайға салынатын қызыл таңбаның күшіне сенетіндіктен, бұл дәстүр әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Malda ауылында өтіп жатқан тойда күйеуі жасөспірім қалыңдығының маңдайына қызыл бояумен белгі салып жатыр. Дәл қазір Еуропада кәмелет жасқа толмай отбасын құрып жатқан қалыңдықтар өте көп.

Неміс шенеуніктері бұл үрдісті қолға алып, мемлекет ішінде жүрген шетелдіктерге де кәмелеттік жасқа толмай тұрып отбасын құруға тыйым салып жатыр. Жасылдар партиясы сөздерінің дәлелі ретінде осы күнге дейін мемлекетте жүрген 1475 шетелдік азаматтың кәмелет жасқа толмай тұрып некелескендерін келтіруде.

Олардың көбісі қыз балалар екен. Олардың қатарында 664 сириялық, 157 ауғандық, 100 ирак азаматтары бар. 120-ға жуығы 14-15 жасқа толмаған жасөспірімдер, 994-і 16 жастағы жеткіншектер.


Жіберіп алмаңыз:

Қалыңдықты қайтыс болған әкесінің жүрегі салынған ер адам шығарып салды (видео)

Түркіменстан президентінің көмекшісі Меркелдің көзінше стакандағы суды ауыстырып жіберді (видео)

Сирияда “күрд қызы Анджелина Джоли” қаза болды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар