Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркіменстан президентінің көмекшісі Меркелдің көзінше стакандағы суды ауыстырып жіберді (видео)

Берлинге ресми сапармен келген Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов федералды канцлер Ангела Меркелмен кездесіп біріккен баспасөз мәслихатын өткізген.

0f3b173d-bcff-4b2e-a468-0c62cf42c4d2

Фото: today.kz

Бұл туралы “Альтернативные новости Туркменистана” хабарлайды.

Осы баспасөз мәслихаты кезінде қызық оқиға орын алды: ешқандай түсініктеме берместен Бердімұхамедовтың көмекшісі стакандағы суды алмастырған. Оқиға 29 тамыз күні болған екен.

Шараның ұйымдастырушылары әр мемлекет басшысы үшін жеке трибуна мен жеке стакан су қойған еді. Алайда баспасөз мәслихаты басталар алдында Бердімұхамедовтың қасына көмекшісі келіп, су құйылған жаңа стакан әкеліп, ескісін алып кетеді.

“Болған жағдай күтпеген жерден орын алды және себебі еш түсіндірілмеді, бұған тіпті Меркелдің өзі таңқалды. Қатысушылар бірнеше сәтке дейін ауыздарын ашып тұрып қалды. Бұл суды ауыстыру жағдайы Германия тарапына сенімсіздік білдіргендей болды. Түркіменстан тарапы Бердімұхамедов жергілікті судан ұшынып қалады деп ойласа керек”, – деп жазады шетелдік басылым.

Талқылау