Германия тұрғыны әкесін табу үшін қостанайлықтардан көмек сұрап отыр

Сейсенбі, 19 Сәуір , 2016 19:20

Германия тұрғыны Сергей Павлов әкесін табу үшін қостанайлықтардан көмек сұрап отыр. Досына қол ұшын созған ресейлік Людмила Кундетова жергілікті сайт арқылы Қостанай қаласының тұрғындарына жүгінді.

ав

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Қостанайлықтар, менің досыма әкесін табуға көмектесулеріңізді өтінемін. Ол әкесінің сіздердің облыстарыңызда тұратынына сенімді. Сіз бен біз әке мен баланың қауышуына сеп бола аламыз. Менің жақын досым Сергей Павлов қазір Германияда тұрады. Мен өзім – Ресейдемін. Соған қарамастан, біз жақсы араласамыз. Сережаның әкесін табуды армандап жүргенін білгенде, сіздерден тікелей көмек сұрауды ұйғардым. Себебі оның әкесі Валерий Сергеевич Павлов Қостанай облысында тұрған», – деп жазған Людмила.

Іздестіріліп отырған адам 1955 немесе 1957 жылы туған. Ал оның ұлы Сергей 1982 жылы 16 сәуірде Федоровка аудан орталығында дүниеге келіпті. Оның өмірге келгені туралы дерек Федоров ауданы Новошумский ауылдық кеңесінде тіркелген. Анасы, Галина Владимировна Павлова, Сергей небәрі 10 жаста болғанда қайтыс болған.

С.Павловтың ата-анасы ажырасқан, сәби туғаннан бері екі бөлек тұрғандықтан, әкесі жайында Сергейге ешкім тіс жарып жөнді ештеңе айтпаған. 15 жасында неміс әжесі Сергейді Германияға алып кетеді.

«Ал бүгінде ержеткен ұл әкесін тауып, оны көруді армандайды. Егер мұны Валерий Сергеевичтің өзі немесе оны танитындар оқып жатса, хабарласуларыңызды сұраймыз», – деп өтінді Людмила.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар