Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германия әуежайында қалтасы еуроға толы қазақстандық азамат ұсталды

Ганновер (Германия) әуежайында төлқұжат тексерушілер 43 жастағы Қазақстан азаматының қалтасынан 50 мың еуро тауып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі nrz.de басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Германия әуежайында қалтасы еуроға толы қазақстандық азамат ұсталды

Ақша тәркіленген жоқ, ал жерлесімізге үлкен көлемде айыппұл салынуы мүмкін.

Кеден қызметі қалтасынан номиналы 500 еуродан бірнеше бума табылған азаматтың үстінен тергеу жүргізу керектігі жайлы ұсыныс жазды. Ал қазақстандық азамат жазбаша түрде түсініктеме жазғаннан кейін, рейске жіберілген.

Ганновер бас кеден қызметінің баспасөз қызметі, қазақстандық азаматқа үлкен көлемде айыппұл салынатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, 15 маусымнан бастап Еуроодақта қолма-қол ақша мен құнды заттарды мағлұмдаудың жаңа ережелері күшіне енді. Оған сәйкес, 10 мың еуродан аса ақшасы барлар оның қайдан келгенін түсіндіруі қажет. Бұл әрекет терроризмді қаржыландыру мен ақша ұрлығын алдын алу үшін қолданылып отыр. Ереже бұзғандар 1 миллион еуроға дейін айыппұл төлейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау