Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкиннің 2017 жылғы алғашқы жекпе-жегі Нью-Йоркте өтетін болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин өзінің 2017 жылдағы алғашқы жекпе-жегін Нью-Йорк қаласында өткізетін болды.

photo_40211

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Жаңалықты 22 қараша күні Манчестерде өткен баспасөз мәслихаты кезінде британдық промоутер Эдди Хирн айтты. Matchroom промоутерлік компаниясының басшысы ирландиялық олимпиада чемпионы Кэти Тейлордың жекпе-жегін осы кездесудің андеркартында өткізуге Головкиннің өкілдерімен келісімге келген.

“Тэйлор (әйел боксшы) келер жылдың басында Madison Square Garden аренасында Головкиннің андеркартында өнер көрсетеді”, – деді Хирн.

Аталмыш жекпе-жек Головкиннің Madison Square Garden-де өткізген бесінші кездесуі болмақ. Ол алғаш рет бұл жерде 2013 жылы 19 қаңтарда америкалық Габриэл Росаданы нокаутқа жіберген болатын. Сондай-ақ, дәл сол спорт кешенінде қазақстандық боксшы Кертис Стивенс, Даниэл Гил, Давид Лемье секілді мықтыларды сабаған.

Жалпы Головкин 2017 жылы төрт жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Алғашқы қарсыласы америкалық Дэниэл Джейкобс болады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз:

Илья Ильин ғылым докторы дипломын көрсетіп мақтанды

Андре Уорд ұпай саны бойынша Сергей Ковалевтен басым түсті

Боксшы Жанқош Тұраров дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Самат Смақов жеке медициналық клиника ашты

Талқылау