Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Генадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

WBA (Super), IBO, IBF и WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Генадий Головкин келесі кездесуін американдық Доминик Уэйдқа қарсы өткізетін болды. 1431399529_141018-golovkin-rubio-03

Бұл туралы Vesti.Kz спорт порталы хабарлайды.

Жекпе-жек 23 сәуірде, Лос-Анджелесте (Калифорния) «Форум» аренасында өтеді деп жоспарлануда. Бұған дейін Головкиннің қарсыласы Тураено Джонсон болады деген ақпарат айтылған. Алайда, багам аралдарының боксері жарақатына байланысты қазақстандықпен қолғап түйістіруден бас тартыпты. 25 жастағы американдық боксер Уэйд кәсіпқой рингте 18 кездесу өткізіп, оның барлығында дерлік жеңіске жеткен. 12 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.

Сондай-ақ, осы жылы қалайда Генамен шаршы алаңда жолығуы тиіс делінген мексикандық Сауль Альварес (Канело) пен британдық Әмір Ханның арасында да жекпе-жек өтетіні анықталды. Бұл кездесу 7 мамыр күні Лас-Вегаста болады.

Талқылау